USB арқылы батареяны зарядтау
Батарея заряды төмен, бірақ зарядтау құрылғысы болмаса ше? Компьютер
сияқты үйлесімді құрылғыға қосылу үшін үйлесімді USB кабель пайдалана
аласыз.
Зарядтау құрылғысының қосқышының үзілуіне жол бермеу үшін зарядтау
құрылғысы кабелін қосу және ажырату кезінде абайлаңыз.
USB арқылы зарядтау кезінде іске қосылу ұзақ уақыт алып, жетексіз USB хаб
арқылы қосылған жағдайда жұмыс істемеуі мүмкін. Қабырға розеткасына
қосылған жағдайда құрылғы жылдамырақ зарядталады.
Компьютерге қосылған жағдайда зарядтау кезінде синхрондауға болады.