SIM картасы мен батареяны салыңыз
Маңызды: Шағын UICC SIM картасын (Micro SIM картасы деп те аталады),
адаптерге салынған Micro SIM картасын немесе шағын UICC картасына арналған
ойығы (суретті қараңыз) бар SIM картасын бұл құрылғыда пайдалануға
болмайды. Micro SIM картасы стандартты SIM картасынан кішірек болады. Бұл
құрылғы Micro SIM карталарын қолдамайды. Қолдау көрсетілмейтін SIM
карталарын пайдалану картаны немесе құрылғыны және картадағы деректерді
зақымдауы мүмкін.
Бұл құрылғы батареямен пайдалануға BL-4S арналған. Әрдайым түпнұсқалық
Nokia батареяларын пайдаланыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналғанда немесе бүгілгенде оңай бүлінуі
мүмкін, сондықтан картаны ұстау, салу немесе шығарып алу кезінде абайлаңыз.
1 Босату түймешіктерін басып, қақпақты шығарып алыңыз. Егер батарея
салынған болса, батареяны көтеріңіз.
2 SIM картаны салыңыз. Картаның контакт беті төменге қарайтынына көз
жеткізіңіз.
Пайдалануды бастау
7
3 Батареяның және батарея бөлігінің контактілерін дұрыс орналастырып,
батареяны салыңыз. Артқы қақпақты орнына салу үшін, жоғарғы ілмектерін
өздерінің ойықтарына бағыттап, қақпақ өз орнына түскенше басыңыз.