Жад картасын салу немесе шығарып алу
Осы құрылғымен тек Nokia мақұлдаған жад карталарын қолданыңыз. Сәйкес
келмейтін карталар құрылғыға және картаға нұқсан келтіреді және ондағы
деректерді жойып жіберуі мүмкін.
Құрылғыңыз сыйымдылығы 32 ГБ дейін болатын жад карталарын қолдайды.
Жад картасын салу
1 Артқы қақпағын ашыңыз.
2 Картаның контакт беті төменге қарайтынына көз жеткізіңіз. Картаны шырт
еткен дыбыс шыққанша итеріңіз.
3 Артқы қақпағын орнына салыңыз.
8
Пайдалануды бастау
Жад картасын шығарып алу
Маңызды: Бағдарлама жад картасын пайдаланып жатқанда, оны шығарып
алмаңыз. Оны орындамау салдарынан құрылғыға және картаға зиян келуі мүмкін
және картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін.
Жад картасын құрылғыны өшірмей тұрып шығарып алу немесе орнына салу
мүмкін.
1 Артқы қақпағын ашыңыз.
2 Шырт еткен дыбыс шыққанша картаны итеріңіз және картаны шығарып
алыңыз.
3 Артқы қақпағын орнына салыңыз.